16 нау, 2021 сағат 07:37

Атамқұлов: Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары әзірленуде

Сәуірде жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары Үкімет қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңіл өнеркәсіп бойынша жоспарланған нақты көлем индексі – 105 пайыз. Тоқыма өнімдерін өндіру көлемі 6, оның ішінде мақта-мата иірім-жібі 50, мата 14, кілем 19, киім 11, тері 30,4 пайыз ұлғаяды. Биыл 5,4 млрд теңгеге иірім-жіп, геотекстиль, киім және аяқ киім шығаратын 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту жайында баяндаған министр. 

Оның атап өтуінше, министрлік Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеуге кірісті. 

«Онда саланы қолдауға бағыттылған жүйелі шаралар қарастырылады. Құжат осы жылдың сәуір айында Үкіметтің қарауына енгізіледі», - деді Бейбіт Атамқұлов.