25 қаң, 2017 сағат 14:53

Астананың вокзалындағы оқиға пойыздар қозғалысына кедергі келтірмеді

Астана вокзалында болған төтенше жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ. Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

2017 жылдың 25 қаңтарында сағат 14.15-те қатты жел мен көп мөлшерде жауған қардың салдарынан Астанадағы теміржол вокзалында пойыздың үстіне көлемі 40 шаршы метр болатын бастырманың бір бөлігі құлады. "Астана-Лениногорск" пойызының № 376 вагоны бүлінген.

"Вагон мен байланыс желісі бұзылмаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - деді компания өкілдері.

Осыған дейін Астана вокзалында пойыздың үстіне конструкция құлағаны хабарланған болатын. "Бастырма құлады. (...) Вагонға түсті. "Астана-Лениногорск" пойызы бірінші жолда тұрған", - деген еді куәгер.