“Қара шаңырақ” ҚБ қыркүйектегі “Отбасы күні” қарсаңында жас отбасылар арасында “ҚАЗАҒЫМНЫң ДӘСТҮРЛЕРІ-АЙ” қалалық сайысын өткізбек.
Қолдаушысы: Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
САЙЫСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Қалалық сайыс Астана қаласының және оған іргелес ауылдардың аумағында тұратын, шаңырақ көтергендеріне 1-5 жыл аралығындағы жас отбасылардың арасында өткізіледі.
Байқау кезеңдеріне қажетті тақырыптық реквизиттер қатысушы жақ тарапынан толықтай қамтамасыз етілуі тиіс.
Сайыстың мақсаты мен міндеттері:
- Қазақ хaлқының сaлт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптaрын заманға сай жаңғырту, жастар арaсында насихaттау;
- Отбасы институтының мәртебесін көтеру, іргесін нығайту;
- Дәстүрлі отбaсылық құндылықтaрды жастар арасында дәріптеу;
- Жас отбасылардың қоғaмдық белсенділігін aрттыру.
Қатысуға өтініш 2023 жылдың 15 тамызына дейін «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің электронды поштасына (qarashanyraq01@gmail.com) бекітілген үлгі (1-қосымша) бойынша жіберіледі.
САЙЫС 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:
І. «БІЗДІҢ ОТБАСЫНЫҢ БІР КҮНІ» – БЕЙНЕСАЙЫС.
Байқауға қатысушының бір күндік тыныс-тіршілігін танытатын, ұзақтығы 2 минуттан аспайтын, сапалы түсірілген (720р,1080р) бейнематериал қатысуға берілетін өтінішпен алдын-ала, ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жолдануы тиіс.
Ескерту: Ол бейнероликтің бәрі сайыста көрсетілмейді, алдын-ала қазылар алып, өлшемшартқа сай бағалайды.
Тек жеңімпаз отбасыныкі соңында көрсетіледі.
Бейнесайысты бағалау қағидалары
1. Тақырыптың ашылуы
2. Бейненің сапасы
3. Дыбыстың сапасы
4. Хронометраж талабына сай келуі
5. Монтаж креативтілігі
ІІ. «ОН САУСАҚТАН ӨНЕР ТАМҒАН» – ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚОЛӨНЕРІ.
Аталған кезеңде ері мен зайыбының әзірлеп әкелген дүниелері назарға ұсынылады. Келіншектер ұмыт бола бастаған ұлттық дәмдерден ас әзірлеп әкеліп ұсынса, жолдасы қазақ қолөнерінің ер азаматтарға тән үлгісін дайындап әкелуі тиіс.
Ерлі-зайыптылар өз өнімдерін қалай дайындағанын сенімді түрде түсіндіре алуы тиіс. (Мысалы, келіншегі ұлттық тағамның тарихын, дайындалу жолдарын түсіндіруі қажет.
Ері қамшы өру, теңге соғу, зергерлік өнер, ағаш бұйымы, мүсін жасау, т.с.с. дәстүрлі өнер бұйымының тарихы мен әзірлену жолын баяндай алуы тиіс).
Ескерту: Бұл сайыс та негізгі шара басталғанға дейін бағаланады. Қазылар сахнаның алдындағы арнайы үстелдерге қойылған әр тағам мен бұйымның қасына келіп, көріп, таныса алады, сол бойынша бағалайды.
ІІІ. «ӨНЕР, БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР» – НЕГІЗГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ. Бұл кезең үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім: Өзін-өзі таныстыру
Бұл бөлімде қатысушы өзін кез-келген жанр арқылы таныстыра алады. Ол қара өлең, ән, театрландырылған көрініс және т.б. болуы мүмкін.
Берілетін уақыт: 2-3 минут.
Екінші бөлім: Зияткерлік сайыс
Бұл бөлімде қатысушыларға тарих, этнография, салт-дәстүр, фольклор, мақал-мәтел бойынша сұрақтар қойылады. (Лэд-экрандағы нөмірлер астынан сұрақтар шығуы мүмкін. Немесе қоржыннан асық алып, сондағы нөмірге сай сұрақты оқып, жауап береді).
Дайындалу уақыты – 1 мин.
Жауап беру уақыты – 1 мин.
Үшінші бөлім: Өнер сайысы
Бұл бөлімде қатысушы отбасы құндылығы мен арман-мақсатын айқындайтын өзі таңдаған жанр (ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, би, сахналық қойылым, өлең оқу) бойынша өнер көрсетуі тиіс.
Берілетін уақыт: 3-4 минут.
Ескерту: Өнер көрсетуге қажетті барлық реквизиттер қатысушы жақ тарапынан ұйымдастырылуы қажет.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар арнайы номинациялар дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
📞Барлық қосымша сұрақтар үшін:
Уатсапқа жазу: 8771 124-87-51 (Сандуғаш)
САЙЫС ЕРЕЖЕСІНЕ N1-қосымша
Жас отбасылар арасындағы«Қазағымның дәстүрлері-ай» қалалық сайысына қатысу өтінімі
✒️1. Отбасы мүшелерінің толық аты-жөні
✒️ балаларының саны, аты-жөні
✒️2. Отбасының қысқаша портфолиосына Гугл-диске сілтеме
✒️Портфолио құрамы:
• Неке куәлігінің көшірмесі
• Жеке куәліктерінің көшірмесі
• Суреттері (2-3 сурет)
• Жетістіктері (дипломдары)
✒️3. Сайысқа қатысу мақсаты (2-3 сөйлем)
✒️4. Байланыс коордианты
(телефон нөмірі, уатсап, электронды поштасы)
Ал, қанекей, жас отбасылар, қапы қалмаңыздар, сайысқа қатысыңыздар!