08 шіл, 2024 сағат 11:16

Астаналық терроризмді насихаттағаны үшін алдымен 20 жылға, содан кейін тағы алты жылға сотталды

Сурет: ашық дереккөз

2024 жылғы маусымда ҰҚК материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.

11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұсталудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, биылғы ақпанда ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

Алайда тергеу изоляторында болған кезде ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпаған және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысқан.