15 мау, 2023 сағат 14:10

Астаналық әйел жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған


Астаналық әйел жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІМ Telegram-арнасының мәліметінше, Сарыарқа ауданы әкімдігі және прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше шағымы бойынша рейдтер жүргізген.

"Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жастағы әйелді анықтады. Ол 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.

Аталған дерекке қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйелге қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.