Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Наразылық білдіріп, Астанаға дейін барған «БерАли Маңғыстау компаниясы» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлері басқа компанияда жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Өзенмұнайгаз" АҚ мәліметінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде "БерАли Маңғыстау компаниясы" ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлерімен келісімге қол жеткізілді. Олар "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-ға жұмысқа орналасу туралы осыған дейінгі ұсынысты қабылдаған.
"Аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін "БерАлидің" бұрынғы жұмысшылары үшін бұрынғы еңбек жағдайлары толықтай сақталады.
Компанияның экс-қызметкерлерін жұмысқа орналастыру шаралары "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі.
"Өзенмұнайгаз" АҚ барлық мәселелерді қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуді қолдайды және соған шақырады" - делінген ресми хабарламада.