Фото: pexels.com
Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.
"Астана қаласы прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді" - делінген хабарламада.
Ол Астана қаласы ПД-нің УҰИ-на қамалған.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.