«Хайвил» тұрғын үй кешенінде өрт кезінде шыққан ыстан уланып төрт адам қаза тапты, олардың екеуі балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, 24 қабатты тұрғын үй кешенінің 9 қабатында түтін шыққандығы туралы хабарлама бүгін таңғы сағат 5-те келіп түскен. Жалпы ауданы 65 шаршы метр жерде үй жиһаздары, тұрмыстық электроника және үй жабдықтары өртенген.
«Өрт салдарынан ыс тиіп төрт адам қаза тапты, олардың екеуі - балалар. Оқыс оқиға болған жерге биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған техникалар мен жеке құрамнан 25 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.