Фото: instagram.com/buckinghampalaceroyal
Астана әкімдігі өкілі II Елизавета есімі қай саябаққа берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қабанбай батыр даңғылы бойында "Салтанат сарайы" кешені мен St. Regis Astana қонақүйі арасында атаусыз саябақ бар. Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Сыртқы істер министрлігі оны Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II Елизаветаның құрметіне атауды ұсынады", - деді мәслихат отырысында Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.