30 нау, 2022 сағат 12:57

Астанадағы боран: Электр желілерінде 30 ақау орын алды


 «Астана РЭК» елорда тұрғындарынан боран салдарынан туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департемінтінің баспасөз қызметі мәлімет берді. 

«Екпінді жел мен толассыз жауын-шашынның салдарынан 10 кВ кернеулі электр желілерінде 30 технологиялық ақау орын алды. Оның ішінде «Астана-РЭК» акционерлік қоғамына қарайтын желілерде 20 ақау болды. 

Қазір 18 ақау жойылды. Қалған 2 ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарына 19 бригада, арнайы техника мен дизельді генератор жұмылдырылды. Электрмен жабдықтау қызметі толықтай қалпына келгенше жұмыс тәуліктік режимде жалғасады», - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Кәсіпорынның мәліметі бойынша, ақаулардың басты себебі – қолайсыз ауа райы.

«Желіге бөгде заттардың түсуінен қысқа тұйықталу болып, сымдар үзілген, кәбіл желісінің муфталары істен шыққан. Электр қуатын тұтынушылардың электр қондырғыларында қоректендіруші желіні ажыратуға әкеп соққан зақымданулар да орын алған. Қалыптасқан қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп жазады «Атана РЭК» АҚ баспасөз қызметі.

Электр желісінің ажыратылуы көбінесе Лесозавод, Кирпичный, Өндіріс шағын аудандарындағы жеке секторда болған.

«Ақаулар жойылғаннан кейін электрмен жабдықталмаған тұтынушылардың жабдықтарын қосу туралы өтінімдерді жедел-диспетчерлік қызметтің мына телефондары бойынша беруге болады:

• 620 456 (дыбыстық меню бойынша 6-позиция):

• 79 69 44, WhatsApp: +7 701 081 6562

• Байқоңыр, Сарыарқа аудандары: 620 468;

• Алматы, Есіл аудандары: 620 438, WhatsApp +7 778 132 3306», - делінген мәліметте.