Фото: Видеодан скриншот
Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде үш адам кірген лифт құлап кетті, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды, екеуі ауыр жарақат алып, ауруханада жатыр, олардың бірі жансақтау бөлімінде.
Полицияның мәліметінше, лифт компаниясының қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде кабина үзіліп түскен. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады.
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
