Астана прокуратурасы «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ және «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС монополистерінің жылу және электрмен қамтамасыз ету тарифтеріне тексеру жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған компаниялардың табиғи монополиялар саласында бірқатар заңнаманы бұзғаны анықталды. Сондай-ақ, бюджет қаржысын жөнсіз пайдаланған және инвестициялық бағдарламаларды орындамаған», - делінген хабарламада.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС антимонополиялық органмен 1 кВт/сағатты 11,8 теңгеге жүзеге асыратын болып келіскен. Іс жүзінде екі есе арзан бағаға сатып алған. Сондай-ақ, шығындар сметасын уәкілетті орган бекіткен соманың 5% -нан астамын орындамаған.
«Астана-Энергия» АҚ 2017 жылы 474 млн теңгеге шығындар бабын орындамаған. Аталған сома тұтынушыларға өтемақы ретінде берілуі тиіс.
Прокуратураның үш монополиске шығарған актісінің қорытындысы бойынша, 1,2 млрд теңге сомасында электр және жылу бағаларын төмендететін уақытша өтемдік тариф енгізілді.
Қазіргі таңда жылу тарифтері Гкалына 3016,52 теңгеден 2842,99 теңгеге және электр жарығы кВт/сағатына 14,59 теңгеден 13,89 теңгеге төмендеді.