Астанада қалалық сот маңында жүргізуші бір адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты кеше түскі сағат 15:23 шамасында Сауран көшесінде болған. Полицейлер анықтау шараларын жүргізіп жатыр.
"Опель" көлігінің жүргізушісі Ұлы дала көшесі жақтан Сауран көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Жол апаты салдарынан қыз түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді", — делінген елордалық ІІД хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты материалдар жиналды, тиісті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.