16 жел, 2022 сағат 17:10

Астанада жатақханадан өрт шықты

Сурет: 24.kz

Астанада жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын жатақхана өртенді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«16 желтоқсан сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына барды. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі өртенген.

Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Олар тілсіз жауды сағат 14:27-де өшірді», - делінген хабарламада.

Салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілген.