Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"31 қазанда "Есіл" ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті.
Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-ші қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты" - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.