куәгерлер фотосы
Астанада құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені отқа оранды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, 11 мамыр сағат 15:01 шамасында өрт сөндіру бөлімшесіне Ақмешіт - Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа ғимараттан қара түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына жеткенде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум және алдын ала мәлімет бойынша үйдің сыртқы қаптамасы жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен 15:17-де ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желі қолданушылары "Европа Сити" тұрғын үй кешені өртенгенін жазып жатыр.
видео: Arbat.Media