Елордада көшеде велосипед теуіп жүрген 7 жасар баланы көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкісін сағат 18-38-де болған.
«Осы жылдың 14 маусымы күні сағат шамамен 18-38-де «Hyundai Tucson» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, велосипед теуіп жүрген жеті жастағы баланы қағып кетті. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп атап өтеді департаменттен.