25 қар, 2022 сағат 10:19

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ұсталды


Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық "беделдіні" ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, олар биыл сәуірде елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдікті болып отыр, соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

"Сонымен қатар, ұсталғандар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке де ілінді.

Олар Ақмола облысы кәсіпкерлерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде беріп, төлем ретінде 150 миллион теңге, екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеген", - делінген хабарламада.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.