видеодан алынған кадрлар
Астанада Қорғалжын тасжолы ауданында төрт көлік жол апатына ұшырады. Олардың бірі аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"10 сәуірде сағат 09:48 шамасында Toyota Land Cruiser Prado көлігінің 37 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы бойымен келе жатып, жолақты ауыстыру кезінде көлікке жол бермей, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан көлік аударылып қалды", - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ, Toyota Land Cruiser Prado көлігі инерция салдарынан тағы екі көлікпен соқтығысқан.
Полиция департаменті зардап шеккендер мен құрбандар жоқ деп мәлімдеді. Қазір жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жолда аса сақ болып, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.