Фото: ашық дереккөз
Астанада шетел азаматтарына заңсыз түрде тұрақты тұруға рұқсат алып берген екі қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу барысында олардың пайдакүнемдік мақсатта әрекет еткені, уәкілетті органдарға жалған құжаттар мен көрінеу жалған мәліметтер ұсынып, шетелдіктерге заңсыз рұқсаттар рәсімдегені анықталды. Бұл қызметтері үшін олар мүдделі тұлғалардан ақшалай сыйақы алып отырған.
Сотта айыпталушылар кінәсін толық мойындады. Барлық жағдайларды ескере отырып, сот оларға тиісінше 1 жыл 6 ай және 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар мемлекет кірісіне 100 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың ресей рублі көлеміндегі заңсыз табыс өндірілді.
Астана қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.
