18 қаз, 2022 сағат 13:38

Астанада ресейліктерді тонаған екі адам ұсталды


Астана полицейлері екі қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта “102” пультіне Сауран көшесіндегі жатақханада Ресей азаматтарын ұрып-соғып, мүлкін тартып алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ішімдік ішу салдарынан жатақхана қонақтары арасында жанжал туындағанын анықтады.

Бірге уақыт өткізген соң, ішінде Ресейдің екі азаматы бар жалға алушылар арасында төбелес болған. Қаскөйлер мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алған.

Полиция қызметкерлері ШҚО мен СҚО-ның 29 және 32 жастағы екі тұрғынын ұстады, олардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.

Күдіктілерге қатысты 191-бабы “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта олар кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.