Фото: inform.kz
Астанада полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды.
ІІМ ресми Telegram-арнасының мәліметінше, патрульдік полиция полкінің инспекторы Сейфуллин көшесінің бойында нөмірі көрінбейтін Toyota Estima маркалы автокөлігін тоқтатқан (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 1-бөлігі).
30 жастағы жүргізуші қызметтік көліктің салонында болған кезде жауапқа тартпау үшін алдыңғы орындықтардың арасына 10 мың теңге салған.
Полиция қызметкері ақшадан бас тартып, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өз басшылығына және ӨҚБ-ға хабарлаған.
Қазір аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.