21 қыр, 2023 сағат 14:07

Астанада жасөспірім жоғарғы қабаттан секіріп мерт болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Елордада жасөспірім жоғары қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды. 

Алдын ала ақпарат бойынша ол үйдің терезесінен құлап кеткен.

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Осы орайда ресми ақпаратқа сүйенуді сұраймыз" - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.