Фото: pixabay.com
Астанада мейрамхана жүргізушісі қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Елордада мешіт жанында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш қалдырып, сейфтен көп ақша ұрланғаны туралы хабарлаған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 млн.теңгеден астам ақша ұрлаған. Жұмыс уақытында басшының кеңсесіне кіріп, үстелде кілт жатқанын көрген жүргізуші оны алып, сейфтегі қомақты ақшаны қолды еткен.
Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам ұрланған ақшаны иесіне қайтарды.