03 қар, 2025 сағат 11:12

Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды

Фото: HALYQSTAN 

Астанада полицейлер мас күйінде көлік жүргізген судьяны ұстады, деп хабарлайды Ult.kz тілшісі HALYQSTAN басылымына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Mazda автокөлігін тоқтатқан кезде, рөлде отырған әйел адамның мас екені анықталған.

«Автокөлік айып тұрағына қойылды, тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.


Департамент өкілдері судьяның ұсталғанын растағанымен, оның жеке тұлғасын жария етпеді.

Ал әлеуметтік желілерде ұсталған адамның Астана қалалық сотының судьясы Асель Досаева болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Қазір аталған дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.