Елорда әкімдігі Астанада LRT құрылысының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша LRT желісінің құрылысын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Бүгін 104-105 вокзал учаскесінде әуежайдан М3 көпіріне дейін 40 құрастырмалы арқалық орнатылды. 2022 жылы 102-103 бекеттерінде жоспарланған арқалықтарды, торларды, 113-114 бекеттерінде қадаларды орнатуды аяқтау жоспарланып отыр", - деді әкімдік өкілдері.
2023 жылы учаскелерде темірбетон құрылымдарын, инженерлік желілерді шығаруды аяқтау және М3 көпірін салу жоспарланып отыр.