Фото: gov.kz
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде жұмыс істеп жатқан мұнара кранының секциясы құлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
"19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кранының иесі ИП Капитал)", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Аварияның алдын-ала себебі - шамадан тыс жүктеме.
"Қазіргі уақытта оқиға орнында Қазадақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Департамент пен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылады", - делінген хабарламада.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.