Фото: Астана ТЖД баспасөз қызметі
Елордалық өрт сөндірушілер Кристалл тұрғын үй кешеніндегі өртті жойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Кристалл" ТҮК паркингінде шамамен 100 ш.м. алаңда алты автомобиль және қойма үй-жайлары өртенді. Өрт кезіндегі қызудың әсерінен тағы 4 көлік зақымданған. Өрт сағат 14-33-те оқшауланды, елордалық өрт сөндірушілердің күшімен барлығы 17 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала.
Өрт орнынан №1 КҚА-ға "103" бригадасы 1969 жылы туған әйелді әкелген және ол "орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
ТЖД бөлімшелері сағат 15.02-де өртті толық жойды. Арнайы көлік көмегімен желдетілмеген паркингтен түтін шығару жүргізіліп, тұрғындар жоғарғы қабаттардан өрт сатысымен эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілер өртпен қатты ыстық, жоғары температура жағдайында күресті. Өрттің себебі анықталады" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 6 маусым сағат 11:56-да Мұхамедханов көшесіндегі ТК паркингінде өрт басталғаны туралы хабарламаға шыққан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін барған және автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталған.