Фото: Астана прокуратурасы
Сот үкімімен бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) басшысы салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның әрекеттері мемлекетке 242 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында Астана қаласының прокуратурасы азаматтық сот ісі арқылы келтірілген залалды өтеу үшін жылжымайтын мүлкі бар ЖШС-ға талап арыз берді. Экономикалық сот прокуратураның талаптарын қанағаттандырып, көрсетілген салық сомасын мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.