24 қыр, 2024 сағат 10:55

Астанада қарақшылық жасаған ресейлік Испанияға қашып кеткен: ол ұсталды

Фото: pexels.com

Астанада қарақшылық жасаған ресейлік Испанияға қашып кеткен. Оны ҚР ІІМ Интерпол арқылы ұстады.

"Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды" - делінген хабарда.


2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.