Бүгін таңертең Астана қаласында Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатқан КамАЗ тоқтап тұрған 6 көлікті соқты. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші бірнеше метр жүргеннен кейін көліктен түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта жүргізушінің тұрғылықты жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деп қосты полициядағылар.