Фото: energyprom.kz
Елордада алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен елорда тұрғынын анықтаған.
"Жәбірленушілер келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударғандарын білді. Осылайша, полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгініп, таныстарының кеңесімен әйелдің көмегіне жүгінгенін айтып арызданған. Ипотекалық несиеге баспана алуға көмек көрсету үшін, алаяқ одан шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат сұраған", - делінген хабарламада.
Алаяқтық бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.