Астанада медицина қызметкерлері үшін үш жатақхана салу жоспарланып отыр, сонымен қатар, салалық дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елорда Инфоға сілтеме жасап.
«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы салалық медицина мамандарына тұрғын үй беруді жоспарлап отыр. Біз қызметкерлердің тапшылығын азайту үшін тұрғын үй мәселесін, сондай-ақ 1 500 орынға арналған үш жатақхана салуды жоспарлаудамыз», - деп хабарлайды басқарма.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін Медициналық ұйымдар басқармасының қарамағында 37 медициналық ұйым, оның ішінде 11 031 медицина қызметкері, соның ішінде 3 945 дәрігер және 7 086 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Қалалық емханаларда акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, лаборант, офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, эндокринолог, рентгенолог, реаниматолог, пульмонолог және тағы басқа мамандар тапшы.
«Медициналық қызметтердің сапасын жақсартудың маңызды жолдарының бірі - кадрлардың тапшылығын азайту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және күнделікті тәжірибеге халықаралық сапа стандарттарын енгізу болып табылады» делінген хабарламада.
Аталған мәселелерді шешу үшін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еліміздегі құзыретті медициналық университеттер мен «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығымен меморандумдарға қол қойды.