Астанада соққан бораннан 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Травматология және ортопедия ҒЗИ сілтеме жасап.
«10 қаңтар күні травмалық пунктіге 73 адам жүгінді, оның 46-сы көшеде жарақат алған. 11 қаңтар күні таңғы сағат 8-ден 15:00-ге дейін 17 адам келген, оның ішінде 13 адамға көшеде зақым келген», - делінген аталған мекеме таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, Астанада 1984 жылы туған әйелге жарнама баннері құлап түсіп, сол жақ жауырынына зақым келген. Ал 1950 жылы туған ер адам қатты желден бизнес-орталыққа барып соғылып, тобық буынын қозғап алды. Қазіргі уақытта травмалық пункт штатты режимде жұмыс істеп тұр, қарбалас жағдай тіркелген жоқ.