Аяздың алғашқы күндері елордамызда 30-ға тарта адамды үсік шалды, деп хабарлады қала әкімі Әсет Исекешев. Олардың арасында балалар да бар.
"25 адамды I-II дәрежелі үсік шалған, екеуін — II-III дәрежелі, біреуін — IV-V дәрежелі. Барлығына медициналық көмек көрсетілді", — деп жазды Әсет Исекешев.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы үш күнде аяз күшейіп, орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерде қаһарына мінеді. Астанада ауа темпертаурасы 45 градус аязға дейін төмендейді.