09 қар, 2022 сағат 16:37

"Астана-Зеленстрой" директорына қатысты тергеу аяқталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Наурызәлі биыл 2 қыркүйекте "Табиғат НС Сервис" ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.

"Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады", - делінген хабарламада.

Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.