20 ақп, 2019 сағат 23:30

Астана Венецияға айналмайды – Сұлтанов

Бүгін халық алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаланы су басу проблемасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана Венецияны «пародиялауды» қояды. Егжей-тегжейі ешкімге де қызықты емес. Сіздерге де, маған да нәтижесі маңызды. Біз маусымаралық жүзуден арылуымыз қажет»,-деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынща, қазіргі уақытта елордада 14 тазарту құрылғысы болса, алдағы уақытта олардың саны 26-ға жетеді.

«Бұл саланың қаржыландыру көлемі 5 млрд болатын, енді 7 млрд теңгеге жетті. Су жинайтын 13 гектар аумақ болатын, оның көлемі 23 мың гектарға жетеді», - деді елорда әкімі.