03 жел, 2020 сағат 16:16

Астана тұрғыны тұрғын үй подъезінен картиналарды ұрлаған

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған екі суретті ұрлап кеткен. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Есіл» аудандық поиция басқармасы қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында 24 жастағы Астана тұрғыны ұсталды. Жас жігіт кінәсін мойындап түсінік берді және картиналарды қайтарған. Оның айтуынша, ол сол сәтте мас болған және әдемі дүниеге қызығып кеткен. Сондай-ақ азамат істеген ісіне өкінетінін мәлім етті. 

Осы факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.