06 қыр, 2023 сағат 14:39

Астана полицейлері төбелеске қатысушыларды анықтады

Көрнекі фото: pexels.com

Астана полицейлері төбелеске қатысушыларды анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 5 қыркүйек полицияға оқ жарақаты фактісі туралы хабарлама келіп түскен.

Таныс адамдар қарыз үшін сөзге келіп қалып, оқиғаның соңы төбелеске ұласқан. 31 жастағы ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, кейін жасырынып үлгерген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан адамдарды анықтады.

Қылмысқа қатысты негізгі тұлғаны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды" - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.