04 қаз, 2022 сағат 11:15

Астана полицейлері бір топ қалта ұрысын ұстады


Астана полицейлері бір топ қалта ұрысын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицияға елорданың тұрғындары автобустың ішінде қымбат ұялы телефондары ұрланғаны туралы айтып арызданған.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33, 32 және 30 жастағы үш ер адам болып шықты. Ұсталған үш қалта ұрысының елордаға Павлодардан келгені анықталды.

Қаскүнемдер Астанаға маршруттық автобустарда ұрлық жасау мақсатында келген. Таңертең олар қоғамдық көлікте үш ұялы телефон ұрлығын жасап, ал түстен кейін елордадан кетпек болған. Қалта ұрылары адамдарға толы автобустарға әдейі кiрiп, жолаушылардың қалталарынан ұялы телефондарын суырып алған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Олардың қалта ұрлығының 15 дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, олардың осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.