19 мау, 2023 сағат 23:12

Астана маңындағы өрт оқшауланды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана маңындағы құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өрт 21-09-да оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы 80 га құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.

21-25-ке дейінгі уақыт бойынша Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар тікұшақтарымен 40-тан астам рет жалпы көлемі 150 тоннаға жуық су төгілді" - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барған.

Ал өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен "Астана орманы" техникасы жұмылдырылған. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы да тартылған.