10 там, 2021 сағат 14:46

Astana Hub стартаптарды қаржыландыру бағдарламасын іске қосты


«Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шәкен Стартаптарды қаржыладыруға бағытталған «Astana Hub» Seed money бағдарламасының іске қосылуы туралы түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Seed Money бағдарламасына тоқталсақ, стартаптарды үш кезеңде қаржылындыру ескерілген. Біріншіден, MVP-кезеңінде стартапта бастапқы өнім, нақтыланған идея болғанда қамтылады. Осы орайда 5 млн теңгеге дейін қаржыландыру жасаймыз. Ал product/market fit екінші кезеңінде стартаптың нақтыланған бизнес-моделі, инвестициялары мен клиенттері назарға алынады. Бұл тұрғыда 10 млн теңгеге дейін қаржыландыру жүргізе аламыз», - деді Марат Шәкен Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, scale – үшінші кезеңінде 20 млн теңге дейін беріледі. 

«Арнайы рәсімдер бар және оны орындау маңызды. Осы орайда стартаптар бұл қаражатты мақсатсыз жұмсай алмайды. Себебі оның барлығы бақылауда болады», - деді кеңсе директоры. 

Белгілі болғандай, стартаптарды қаржыланжыруға бюджет қаржысы жұмсалмайды. Қаржыландыру Astana Hub жеке қаражаты есебінен болады. Өтінімдерді қабылдау талаптары мен мерзімі жөнінде https://astanahub.com сайтында танысуға болады.