Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі «Startap Sapary» атты бағдарламасымен IT саласындағы идеясы бар барлық жас кәсіпкерлер үшін «Стартап Мектебі» курсын ұсыну үшін Қазақстанның 17 облыс орталықтарына баруды жоспарлап отыр.
Стартап Мектебі - бұл стартап-жобаларды дамыту туралы білім алғысы келетін жаңадан бастаушылар мен қазіргі кәсіпкерлер үшін арналған тегін курс. Курсқа қатысушылар ең қысқа мерзім ішінде Astana Hub технопаркі мамандарынан бизнес-идеялар құру туралы теориялық білім алады.
Стартап Мектебінің міндеті - Қазақстанның талантты және табысты кәсіпкерлерін тарту, стартаптың классикалық бизнестен қалай ерекшеленетінін, сонымен қатар стартап-жобалардың артықшылықтарын айту. Курсқа қатысушылар нарықтық талдау әдістерін қолдану, стартапты монетизациялаудың бизнес-модельдерін таңдау және талдау, стартап жобасын дұрыс таныстыру үшін инвесторлармен сөйлесу тәсілдерін үйренеді.
Стартап Мектебіндегі оқу ақысыз, ол бір күнге созылады және курс соңында қатысушыларға оқу туралы куәлік беріледі.
«Біз елдегі технологиялық стартаптарды дамыту бойынша қолдау шаралары бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Технопаркте акселерация, инкубация сияқты стартаптарды дамытудың ақысыз бағдарламалары бар. Олар бойынша оқыту тегін. Сондай-ақ, жақында біз өңірлер үшін онлайн оқыту өткіздік. Жыл ішінде стартаптардың жұмыс нәтижесі-17 миллиард теңгеден астам сомаға өз жобаларын дамытуға инвестиция тарту және 1000-нан астам жұмыс орындарын құру. Бүгін біздің сарапшылар командасы өз білімдерімен бөлісуге және өз тәжірибелерін еліміздің өңірлеріне таратуға дайын. Startup Sapary бағдарламасының қорытындысы бойынша біз әр өңір үшін жеке IT-кәсіпкерлікті дамыту жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз», Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Марлен Сихаев хабарлады.
Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай ішінде Astana Hub командасы елдің 17 өңіріне барады. Сапар кестесі Технопарктің сайтында қолжетімді. Startup Sapary бағдарламасы Петропавлда, Атырау мен Қызылордада, Түркістан, Орал мен Ақтауда таныстырылды. Технопарк командасы Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Өскемен, Павлодар және Талдықорған қалаларына жол тартпақ.
Болашақта Astana Hub технопаркі Қазақстанда ІТ-кәсіпкерлікті дамыту мен бірлескен жобаларды құру үшін өңірлердің технопарктерімен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр. Сапар қорытындысы бойынша Astana Hub технопаркінің оқыту бағдарламалары мен әдіснамасын қамтитын әр өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспарын әзірлеу жоспарлануда.