«Электронды үкімет» e.gov.kz порталында Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Онлайн-форум қатысушылары қала басшысымен "Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қабылданған шаралар. Мемлекеттік қызметшілердің жалпыға тән моральдық-этикалық нормаларды сақтауы", "Құрылыс саласын дамыту және Астана қаласының сәулеттік келбеті мәселесі туралы", «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қаладағы көлік кәсіпорындарының проблемалы мәселесін шешу және автомобиль жолдарының жағдайы» тақырыптарында талқы жасай алады.
Сондай-ақ, «Жергілікті бюджетті толықтыру және астанадағы коммуналдық меншіктің халі» мәселесі бойынша тақырыптарды талқылайды.
Форумға қатысқысы келгендер e.gov.kz сайты арқылы («Ашық диалог» - Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіре алады).
Басталу уақыты: 2 қараша 2018 жыл, сағат 09:00-15.00.