Фото: elements.envato.com
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында алдағы бірнеше жылда ірі жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде елордада жүзеге асырылып жатқан шығынды жобалардың бірі – LRT құрылысы. Басқа жобалар, мысалы, ЖЭО-3 пен кәріз құрылысын салу да осыдан кем емес қаржыны қажет етеді.
"Шындықты айту керек: LRT құрылысын аяқтау үшін бізге сонша қаржы керек. Алдағы екі-үш жылда 250-300 миллиард теңге. Жылу электр орталығын аяқтау үшін де жүздеген миллиард теңге қажет. Кәрізге келетін болсақ, бұл - сұмдық сома. Тіпті айтқым да келмейді, жүздеген және жүздеген миллиард теңге", - деді Қасымбек.