28 там, 2023 сағат 17:05

Астана әкімдігі тәжік көрмесіндегі дүрбелеңге қатысты пікір білдірді

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Астана әкімдігі Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Тәжікстанның Мәдениет күндері аясында елордада өткен көрме-жәрмеңкедегі дүрбелең туралы айтты.

Шенеуніктің сөзінше, көрші елдің сатушылары тауарлар күн астында тез бұзылуы мүмкін болғандықтан, бір бөлігін тегін таратуды өздері ұсынған. Тіпті, көрме-жәрмеңке қонақтарына тарату үшін тәжік фермерлері пирамидаға көтерілген көрінеді.

"Пирамидаға өрмелеп шығып, қонақтарға тегін беріп жатқан адамдар - Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері. Пирамиданы құрған фермерлер болатын. Олар басқа тұрғындар пирамидаға шықпауы үшін өздері таратты. Бұл қауіпсіздік үшін жасалды", - деді Мақсат Жаңабаев.