2019 жылдың 24 қаңтары күні сағат 00-00-ден бастап 18-00-ге дейін Астана-1 стансасында жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Барлық пойыздар Астана-Нұрлы жол темір жол вокзалы арқылы қатынайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, осыған байланысты 36 жолаушылар және қалааралық пойыздың жүру кестесіне түзетілер енгізілген. Олар мына бағытта қатынайтын пойыздар:
1 №76 Петропавл - Қызылорда, 19 №83 Қарағанды - Мәскеу
2 №363/364 Қарағанды - Томск-2, 20 №307 Жезқазған - Астана-1
3 №328 Қостанай - Қарағанды, 21 №308 Астана-1 - Жезқазған
4 №312 Астана-1 - Семей, 22 №95 Астана НЖ - Орал
5 №7507 Астана НЖ - Көкшетау, 23 №9 Алматы-1 - Астана НЖ
6 №604 Арқалық - Астана НЖ, 24 №6857 Қарағанды - Астана-1
7 №55 Қызылорда - Көкшетау, 25 №6858 Астана-1 - Қарағанды
8 №153 Семей - Астана НЖ, 26 №146 Омбы - Қарағанды
9 №86 Астана-1 - Сарыағаш, 27 №58 Орал - Астана НЖ
10 №3 Алматы-2 - Астана НЖ, 28 №154 Астана НЖ - Семей
11 №711 Шымкент - Астана НЖ, 29 №7501 Павлодар - Астана-1
12 №6829 Ерейментау - Көкшетау, 30 №7502 Астана-1 - Павлодар
13 №705 Алматы-2 - Петропавл, 31 №39 Астана НЖ - Челябі
14 №673 Павлодар - Астана НЖ, 32 №38 Маңғыстау - Астана НЖ
15 №6803 Астана - Атбасар, 33 №327 Қарағанды - Костанай
16 №16 Петропавл - Алматы-2, 34 №4 Астана НЖ - Алматы-2
17 №44 Қостанай - Алматы-1, 35 №43 Алматы-1 - Қостанай
18 №40 Челябі - Астана НЖ, 36 №316 Қазан - Ташкент
«Жоғарыда аталған шара Астана-1 стансасы жолдары мен нысандарын күрделі жөндеу кестесіне сәйкес жоспарлы жұмыстардың жүргізілуімен байланысты», - деп атап өтеді компаниядан.