Ассы-Түрген үстіртіндегі обсерватория маңынан мал қорымы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Қорымды тапқан обсерватория қызметкерінің айтуынша, адамдар ауызсу алатын маңайда жануарлар өлексесі жатыр.
"Бір күн бұрын обсерваторияның бастоғанын тексергенде мал өлексесі жатқан шұңқырды байқадық. Бұл сиырлардың жатқанына екі апта болды. Бұл жерде бұрын-соңды мал қорымы болмаған. Бұл тіпті мал қорым да емес, оларды жай ғана шұңқырға лақтырып тастаған", - дейді Ассы-Түрген обсерваториясының инженері Максим Кругов.
Бақташылардың айтуынша, биыл 30-дан аса сиыр өлген.
"Бұл шұңқырда жеті сиырдай бар. Ол су алатын жерден 200 метр қашықтықта жатыр. Обсерватория қызметкерлері мен туристер ауызсуды осыдан алады. Біз өлексе суға түсе ме деп алаңдаймыз", - деп қосты ол.
Бастоғаннан су мұздық сулары жиналатын жер асты су қоймасына, содан кейін обсерваторияға құбыр арқылы барады. Обсерваторияға баратын 7 шақырымдық су құбыры өткен ғасырдың 80-жылдары салынған. Су алатын жердің жоғарғы бөлігінде мал қорымдары табылды.
Обсерваторияда қазір 12 адам жұмыс істейді, демалыс күндері бұл аймаққа туристер көп келеді.
"Қызметкерлер мен туристер уланып қалуы мүмкін деп алаңдаймыз, өйткені біз малдың мәселесі неден болғанын, олардың неден өлгенін білмейміз. Сібір жарасы, суық тиді немесе олар ковидтен өлді. Бастоғаннан бір сиыр табылса, қасқыржеп кетті дер едік, бірақ мұнда арнайы шұңқыр қазып, өлекселерді төгіп тастаған", - деді Кругов.
Алматы облысы ветеринария басқармасы малдың шығынға ұшырауына қатысты пікір білдірді.
"Бүгінде малдың жұқпалы емес аурумен өлу дерегі анықталды. Бұл жануарлар дереу жойылуға жатады. Жануарлардың ауырып, жаппай қырылу деректері бойынша мал иелерінен арыз-шағым түскен жоқ. Қазір жайлаудағы эпизоотия жағдайы ветеринария мамандардың тұрақты бақылауында. Жануарлардың мәйітін жою үшін мал қорымдары бар. Сондай-ақ, биыл қосымша бес шұңқыр қазылды", -делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, "биылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында 15 мәйіт жиналған. 20 шілдеден бері 8 мәйіт анықталып, жойылды".