Қазақстанда зейнеттегі әскери қызметшілерге жеткілікті шекке қарамастан, зейнетақы жинағының жартысын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қайыржан Бимолдин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Зейнетақы заңнамасында болған негізгі өзгерістер - әскери қызметшілердің мемлекеттік бюджет есебінен ортақ зейнетақыға көшуі. Бимолдиннің айтуынша, бұрын бұл жинақтаушы жүйе есебінен жүзеге асырылған.
"Былтыр зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағының қалдықтарын жеткілікті шекке қарамастан, 50 пайыз мөлшерінде пайдалану құқығы берілді. Әскери қызметшінің үш миллион жинағы болса, онда ол бір жарым миллионды мемлекет көздеген бағыттарға пайдалануға құқылы", - деді Бимолдин.