Сурет: ашық дереккөз
Биылғы жылы әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылды.
Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.
Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды.
Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады.